«Денсаулық жолы» акциясы 22 шілде күні басталып, акция Жаңақала, Бөкейорда, Жәнібек, Казталов аудандарында және ауылдарында жалғастырылған болатын.
«Денсаулық жолы» акциясы аясында аудандарға терапевт, кардиолог, эндокринолог, онколог, офтальмолог, стоматологом дәрігерлер барып 532 қараған болатын, оның ішінде 176 қайта тексеруге жолданды. Соның ішінде көз дәрігеріне– 62, онколог дәрігерге – 53, кардиолог дәрігерге– 26, терапевт дәрігерге —  35 адам қаралды.
«Жас Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандары жиналған халық арасында салауатты өмір салты аспектілері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді сонымен қатар векториналық сұрақтар қойып, спорттық жарыстар ұйымдастырған болатын. Белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар Жәнібек ауданы Жасқайрат ауылында және Казталов ауданында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарының қатысуымен семинар тренинг ұйымдастырылды.
«Денсаулық жолы» акциясы құрамында уролог, хирург, тіс және көз дәрігерлері бар арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған кешенмен бірге бұл жолғы сапарды облысымыздың оңтүстік-шығысында орналасқан Сырым, Қаратөбе және солтүстік-шығысындағы Шыңғырлау және Бөрлі аудандарына арнады. 12 тамыз күні Сырым ауданының Алғабас ауылында және Сырым ауылында болды. Шара барысында біздің мамандар жергілікті тұрғындарға дұрыс тамақтану, онкологиялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану бойынша семинар-тренингтер өткізіп, ақпараттық білім беру материалдарын таратты.
Акцияны  өткізуде  жергілікті  медициналық қоғамдық  және әкімшілік қызметкерлері  атсалысып,  үлкен  белсенділік  танытты.  «Денсаулық жолы» акциясында БҚОСӨСҚО мамандарымен 200-дей адам қамтылып, уролог, хирург, көз дәрігерлерінен 250-ден астам адам тегін  кеңес алды.
Акция соңында ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, осындай акцияның жиі ұйымдастырылып тұруына тілек білдірді.


1 комментарий

НОВОСТИ — ЖАC ҚАНАТ · 28 февраля, 2020 в 5:48 пп

[…] «Денсаулық жолы» акциясы […]

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.