2019 жылдың 22 маусым, сағат 09.00-ден 18.00 аралығында, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының, «БҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС және «Жас қанат» ЖҚБ ұйымдастыруымен П. Атоян атындағы стадионда медицина қызметкерлері күніне орай  «Дені сау дәрігер — дені сау  пациент!» ұранымен облыстық медицина қызметкерлері спартакиадасы өтеді.

Мақсаты: медицина қызметкерлері арасында жеткілікті дене белсенділігінің маңызы туралы ақпарат беруді арттыру, дене белсенділігімен айналысуға медицина қауымын жұмылдыру, медицина қызметкерлерінің өз денсаулықтарына ортақ жауапкершіліктерін, сонымен қатар халық арасында дене белсенділігі мен спортты насихаттау.

Облыстық спартакиада аясында жеңіл атлетика, шағын футбол, парк волейболы, дартс, арқан тарту және асық ату жеңімпаздарды марапаттау бойынша облыстық ұйымдардың медицина қызметкерлері арасында спорттық жарыстар өткізіледі.

 


2 комментария

Аноним · 28 февраля, 2020 в 5:52 пп

Молодцы

НОВОСТИ — ЖАC ҚАНАТ · 28 февраля, 2020 в 5:48 пп

[…] «Дені сау дәрігер – дені сау пациент!» […]

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.